Тұмау мен ЖРВИ: Астанада кімдер тегін екпе ала алады

Екпе, вакцина, Астана, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Айдын Әшімханов, тегін екпе, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 17:56 Сурет: Zakon.kz
Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдын Әшімханов 2026 жылғы 24 қыркүйекте өткен брифинг барысында ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғануға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айдын Әшімханов тұмаудың ауыр түрінің алдын алудың негізгі әдістерінің бірі – вакцинация екенін еске салды.

"Алғашқы эпидемиологиялық маусымда егу науқанына деп Астана жергілікті бюджет қаражаты есебінен ресейлік өндірістегі "Гриппол Плюс" вакцинасының 169 005 дозасын сатып алды. Жергілікті бюджет есебінен вакциналау 41 емханада жүргізіледі. Вакциналау қазан айының басында басталады, тіркелген орны бойынша барлық пациенттерге екпе жасалады", – деді ол.

Тұмауға қарсы тегін екпеге диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен қызметкерлері кіретін азаматтардың белгілі бір санаттары жатады.

"Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакциналау, сондай-ақ жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, әскери қызметшілерге, жүрек-қан тамырлары жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы дертіне ұшыраған адамдарға, сондай-ақ 65 жастан асқан азаматтарға ұсынылады. Бұл санаттар үшін вакцинация ерікті негізде жүргізіледі", деп түсіндірді спикер.

Қалған азаматтар ақылы негізде вакциналаудан өте алады.

Бұған дейін Астана қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалаева елордада қандай вирустар айналымда жүргенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: