Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады
Сурет: primeminister.kz
Тиісті видеоны қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі жариялады.
"Біз қаза тапқандардың отбасыларымен үнемі байланыстамыз және оларға барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатырмыз". Дәурен Қосанов
Қорғаныс министрлігінің басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты.
Сондай-ақ ол кінәлілердің заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығулары кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағыс алып кеткен. Үшеуін құтқару мүмкін болды, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды: 453-баптың 2-бөлігі "Қызметке салғырт қарау, ауыр зардаптарға әкеп соғу" және 465-бап "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу". Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылып, оған Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады.
Маңғыстауда әскери қызметшілер қаза тапқаннан кейін Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды.