Тимур Турлов FIDE-нің жаңа президенті болып сайланды

Тимур Турлов FIDE-нің жаңа президенті болып сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 16:05 Сурет: instagram.com/timurturlov
Қазақстандық кәсіпкер әрі қаржыгер Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тимур Турлов – FIDE-нің 8-президенті", – делінген Халықаралық шахмат федерациясының хабарламасында.

Айта кетейік, FIDE Бас ассамблеясының отырысы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті. Қазір мұнда шахматтан 46-шы Дүниежүзілік олимпиада өтіп жатыр.

Қазақстандық кәсіпкерден бөлек, Халықаралық шахмат федерациясының президенті лауазымына Үндістаннан Вишванатан Ананд, Германиядан Ян Хенрик Бюттнер және Вадим Розенштейн үміткер болды.

Кейін федерация жаңа президенттің сайланғанына қатысты реакциясын да көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: