Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген жастар ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, центр оперативного управления ДП, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, правонарушители, телефон полиции, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 17:36 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
26 қыркүйек күні таңертең Астанадағы Журналистер аллеясында вандализм ісі тіркелді. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы бар екі жасты анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жастар мүсіндік композицияны, сондай-ақ оған іргелес аумақтағы жеті қоқыс жәшігін бүлдірген.

Полиция елорданың екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Полиция мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын атап өтті. Мұндай фактілердің ешқайсысы құқықтық бағасыз қалмайды, ал кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: