Бернд Ульбрихт Тоқаевқа алғыс айтты
Сурет: akorda.kz
Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның пікірінше, Siemens компаниясы Қазақстан нарығына енген 30 жыл ішінде бірқатар өнеркәсіптік жобаларды табысты іске асыруға атсалысқан.
Siemens AG вице-президенті өзара мүдделі бағыттарда ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытатынын растады.
Ол компанияның электр желілерін жаңғырту, цифрландыру, автоматтандыру, сумен жабдықтау салаларында технологиялық шешімдерді ұсына алатынын, сондай-ақ деректерді өңдеу орталығы инфрақұрылымына қатысуға әзір екенін жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript