Қазақстанда 1 қазанда жаңбыр жауып, екпіні күті жел соғып, тұман түседі

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 18:35 Фото: pixabay
Алдағы бейсенбі, 1 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Кей өңірлерде тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған синоптикалық жағдай мен қолайсыз ауа райы құбылыстарының болжамында айтылған.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын циклон мен атмосфералық фронттар қалыптастырады. Жаңбыр жауады, күндіз найзағай соғуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі", – делінген болжамда.

Антициклонның сілемі әсерінен еліміздің батысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар метеорологтардың мәліметінше, республиканың бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі – Атырау, Павлодар облыстарында, Абай облысының солтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының шығысы мен орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Алматы облысының шығысында;

Төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысы, оңтүстігі мен шығысында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: