Жел, өрт қаупі: 1 қазанда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында кешке өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күші 18 м/с-қа дейін жетеді. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз күші 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің күші 15-18 м/с болады. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.