Алматыда самса сатып алған шетелдіктер полицияға жеткізілді

Алматыда самса сатып алған шетелдіктер полицияға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 19:07 Сурет: Алматы полиция департаменті
Алматыда шетел азаматтары самса сатып алу кезінде төлеген 10 мың теңгелік банкнотты полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиғаның жай-жапсарын 30 қыркүйекте Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Алматының Бостандық ауданында "102" пультіне хабарлама түсті. Розыбакиев көшесіндегі сауда орындарының бірінде сатушы күндік түсімді тексеру кезінде номиналы 10 мың теңгелік банкнотқа күмән келтірген. Оқиға орнына полицейлер барды. Аталған банкнотпен есеп айырысқан шетел азаматтары мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қазір тәртіп сақшылары банкноттың қайдан шыққанын және оның айналымға қалай түскенін анықтап жатыр.

"Банкнот азаматтардың қолына кездейсоқ, мысалы, кәдесый немесе сыйлық ретінде түсуі де мүмкін деген болжам бар.Мән-жайды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", – деп қосты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: