Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді

Алматыда полиция 20-дан астам клуб пен барды тексерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2024 14:17 Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда полиция 20-дан астам клуб пен барды тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел жағдайды тұрақтандыру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жолын кесу, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мақсатында Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарында жергілікті іс-шара жүргізілді.

"Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, қараусыз қалған және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде болуын, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар жасауға тартатын ересектерді анықтау", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, түнде 31 жастар жиналатын орын, 20 мейрамхана, дәмхана, бар, түнгі клуб, сондай-ақ 6 компьютерлік клуб тексерілді.

Нәтижесінде 29 кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, полицияға жеткізілді, оның 5-і түнгі демалысын ойын залдарында өткізген. Жасөспірімдердің ата-аналарына "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру бойынша шаралар қабылданды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: