Қазақстанның 16 өңірінен келген болашақ мейіргерлер "MedSkills Atyrau-2026" сайысында бақ сынап жатыр

Қазақстанның 16 өңірінен келген болашақ мейіргерлер "MedSkills Atyrau-2026" сайысында бақ сынап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 20:10 Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Атырауда "MedSkills Atyrau-2026" II республикалық кәсіби сайысы басталды. Оған Қазақстанның 16 өңірінен медициналық колледж студенттері қатысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайыстың мақсаты — қатысушылардың науқастың физикалық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып, білікті медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге қажетті білімі мен практикалық дағдысын дамыту.

Қазақстанның 16 өңірінен келген болашақ мейіргерлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 20:10

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мейіргерлер байқауының ресми ашылуына Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысып, мұндай іс-шаралардың болашақ медицина мамандарының шеберлігін шыңдауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстанның 16 өңірінен келген болашақ мейіргерлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 20:10

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Бүгін біздің қаламызда Қазақстанның әр өңіріндегі медициналық колледждерде оқып жатқан студенттер бас қосып отыр. "MedSkills Atyrau 2026" тек кәсіби дода емес, білім мен тәжірибе тоғысатын, оларды ізденіске бастайтын іс-шара деп білемін. Пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасы көп жағдайда медицина саласы мамандарының даярлығына байланысты. Мейіргердің жұмысы білім мен жауапкершілікті ғана емес, әр адамға мұқият қарауды талап етеді. Сайыскерлерге сәттілік, ал сарапшыларға әділдік тілеймін. Осы сайыс еліміздің денсаулық сақтау саласына өз үлесін қоссын!" — деді облыс әкімі.
Қазақстанның 16 өңірінен келген болашақ мейіргерлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 20:10

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайыс тапсырмалары медициналық және әлеуметтік күтімнің әртүрлі бағыты бойынша үш модульге топтастырылған. А модулі инъекция салу, B модулінде стационарда емдік тамақтануды ұйымдастыру, ал C модулі қант диабеті бар пациентке үй жағдайында күтім жасауға қатысты тапсырмаларды қамтиды. Қатысушылар әр модульде көмек көрсету кезінде кездесуі мүмкін жағдайлар қарастырылған практикалық тапсырмаларды орындайды.

Қазақстанның 16 өңірінен келген болашақ мейіргерлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 20:10

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бағалаудың әділдігі мен халықаралық стандарттардың сақталуына қатысушылардың практикалық дағдысы мен сайыс шарттарының орындалу сапасын бағалайтын сарапшылар тобы жауап береді.

Былтырғы байқауда Атырау облысының студенттері жеңіске жеткен еді. Олар биыл да өңір намысын қорғамаққа сынға түсті.

Сайыстың практикалық бөлімі Абай атындағы Оқушылар орталығында өтеді, ал жеңімпаздар 2 қазанда анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: