Тоқаев БАӘ өкілдерін "Достық" орденімен марапаттады
Сурет: akorda.kz
Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасына БАӘ өкілдері Сухейл Әл-Мазруи мен Мансур Әл-Мансури ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 1 қазанда Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қазақстан мен БАӘ қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Сухейл Әл-Мазруиді және Мансур әл-Мансуриді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуримен кездескенін хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
