Алматыда 9 жастағы бала зорланды: істің жаңа деректері белгілі болды
Фото: Zakon.kz
Алматыда тоғыз жастағы балаға қатысты сексуалдық зорлық фактісі бойынша тергеудің жаңа мән-жайы белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен ер адамды полиция ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 1 қазанда Zakon.kz тілшісіне.
Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Еске салайық, бұған дейін алматылық әйел 9 жастағы ұлын көршісі зорлағанын мәлімдеген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript