Қазақстанда қанша мұғалім жұмыс істейді

Школьный учитель, учитель, педагог, школьный преподаватель, школа, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2026 14:40 Фото: freepik
5 қазанда Қазақстанда Мұғалімдер күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі бүгінде елдің білім беру жүйесінде қанша педагог жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның білім беру саласында барлығы 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Олардың басым бөлігі мектептерде жұмыс істейді – онда шамамен 420 мың мұғалім бар.

Тағы 104 мыңнан астам маман балабақшаларда, ал 42 мыңға жуығы колледждер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек етеді. Педагогтердің басым бөлігі – әйелдер.

Олардың арасында бұл мамандыққа ондаған жылын арнағандар да аз емес. Тек мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады, ал 73 мыңнан астам мұғалімнің еңбек өтілі 20-30 жыл аралығында.

Балабақшаларда 5 мыңнан астам маман 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек өтілі 30 жылдан асатын педагогтер саны 4 мыңнан асады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: