Қазақстанда жүздеген балаға есту қабілетін қалпына келтіру үшін имплант орнатылды

Қазақстанда жүздеген балаға есту қабілетін қалпына келтіру үшін имплант орнатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2026 16:15 Сурет: magnific
Қазақстанда есту қабілетінен терең айырылған балаларға кохлеарлық имплантация жасалып, кейін есту-сөйлеу оңалтудан өткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі емдеу қалай жүргізілетінін және баладағы есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтаудың маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда кохлеарлық имплантация бойынша 225 операция жасалды. Пациенттердің басым бөлігі – бала. Оның ішінде 169 кәмелетке толмаған балаға имплант орнатылды. Олардың 124-і – бес жасқа толмаған бала. Операцияларға мемлекеттік кепілдіктер шеңберінде 1,81 млрд теңге бөлінген, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Кохлеарлық имплантация терең есту қабілетінен айырылған, ал кәдімгі есту аппараттары қажетті нәтиже бермейтін жағдайда жасалады. Ведомство есту қабілетінің бұзылуын мүмкіндігінше ерте анықтаудың аса маңызды екенін атап өтті. Себебі өмірдің алғашқы жылдарында есту арқылы қабылдау мен сөйлеу қабілеті белсенді қалыптасады.

Операцияның өзі – емдеудің алғашқы кезеңі ғана. Шамамен бір айдан кейін имплант іске қосылып, бапталады. Осыдан кейін сурдологтар мен сурдопедагогтардың қатысуымен ұзақ мерзімді есту-сөйлеу оңалтуы басталады. Ата-аналарға үй жағдайында жалғастыру қажет жаттығуларды орындау да үйретіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі бала дауысқа және үйреншікті дыбыстарға реакция білдірмесе, атымен шақырғанда жауап бермей қалса немесе сөйлеу қабілетінің дамуында айтарлықтай кешігу байқалса, оның есту қабілетін тексеруге кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: