"Қар аралас жаңбыр жауады". Дүйсенбіде еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қар, жауын-шашын, 5 қазан, ауа райы болжамы, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 17:56 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 5 қазанда еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, ал түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында топырық беті қатып, 1 градус суық болады, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 5 қазанда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 5 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 5 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 5 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 5 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23 м/с деп жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, 1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 5 қазанда күндіз шаңды дауыл соғады, күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 5 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 5 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-баыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, ал түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 5 қазанда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түсетіні болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 5 қазанда түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, облыстың шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде 5 қазанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 5 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей тұстарда 23 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсетіні болжанады. Қостанайда 5 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 5 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда 5 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша 4-6 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: