Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 17:19 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеріс нәтижесі Қарулы күштерді реформалау жоспарын дайындау кезінде ескерілуге тиіс. Жиында қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы тиімді әрекет ететін жаңа тұрпатты армия қалыптастыру қажеттігіне баса мән берілді.

Жаңғыру белгілері әскери тәртіптің күшеюінен, әскери қызметшілерге борышын өтеу кезінде тиісті жағдай жасаудан және қауіпсіздік деңгейінің артқанынан байқалуға тиіс.

Сонымен қатар кешенді тексеріс объективті түрде жүргізіліп, әскердің жауынгерлік әзірлігіне нұқсан келтірмеу қажеттігі атап өтілді.

Қарулы күштер қатарында Конституциядағы "Заң мен тәртіп" қағидаты мүлтіксіз сақталуы керек. Комиссия жұмысы жалғасып жатыр.

Еске салайық, мұның алдында Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс кезінде 13 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: