Арқалықта грантпен оқып, басқа өңірлерде жұмыс істеген студенттер анықталды

Городская юношеская библиотека имени Жамбыла, студенты, абитуриенты, выпускники, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 19:54 Фото: Zakon.kz
Арқалық қаласындағы екі колледжде жүргізілген тексеру барысында мемлекеттік грантпен күндізгі бөлімде оқи отырып, елдің басқа өңірлерінде қатар жұмыс істеген студенттер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арқалық қаласының прокуратурасы Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінде бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.

"Тексеру нәтижесінде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды. Атап айтқанда, жекелеген студенттер мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу нысанында білім ала отырып, басқа өңірлерде еңбек қызметін қатар атқарған. Бұл мемлекеттік қаржыландыру шарттарының бұзылуы болып саналады", – делінген хабарламада.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде бюджетке 3 млн теңге қайтарылды. Сонымен қатар бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және білім алушылардың нақты контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: