Тоқаев Саят Исановты Қазақстанның Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саят Исановты Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Исанов Саят Серікқазыұлы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Саят Исанов Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Арнайы операциялар күштері қолбасшысының орынбасары қызметін атқарған. Ол кезде подполковник әскери атағы болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript