Қазақстанда германиялық туристер қиындыққа тап болды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанда болу мерзімін өткізіп алған Германия азаматтары Атырау облысы полиция департаментінің көші-қон қызметіне жүгініп, елден шығу визасын рәсімдеуге көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер шетелдіктерге қажетті құжаттарын қалпына келтіріп, елден шығу визасын рәсімдеуге көмектескен. Барлық рәсім бір тәулік ішінде аяқталған.
Германия азаматтары Қазақстан полициясы қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Көші-қон қызметі азаматтардың өтініштерін уақтылы қарауға және заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript