Ақтау тұрғындары автобустардың лық толуына байланысты наразылық танытты

Ақтауда автобустардың лық толуына байланысты тұрғындар шағымданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 10:12 Сурет: әуесқой түсірілім
Ақтау тұрғындары түскі уақытта №3А және №3Б бағытындағы автобустардың шамадан тыс толып кететініне шағымданды. Соның салдарынан қоғамдық көліктегі күнделікті сапар жолаушылар үшін нағыз сынаққа айналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының 2026 жылғы 11 қазандағы мәліметінше, қала тұрғындары қарбалас уақытта №3А және №3Б бағытындағы автобустарға міну мүмкін болмай қалатынын айтады.

Жолаушылар лық толы салонда, турасын айтқанда, консерві қалбырына тығылғандай күйде жүруге мәжбүр.

"Біз не үшін төлейміз? Осылай қысылып тұру үшін бе?" – деп наразы болды тұрғындар.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, тұрақты жолаушылар тасымалының 11 бағытына қатынайтын автобустардың саны күн сайын бақылауда болады.

Ведомствоның хабарлауынша, жұмыс күндері №3А және №3Б бағыттарына 18 автобус, ал демалыс күндері 14 автобус шығарылады. Аталған бағыттар бойынша автобустардың жалпы қозғалыс аралығы – 6-8 минут. Ал әр бағыттың жеке қозғалыс аралығы 15 минутты құрайды.

Алайда шенеуніктер жолаушылар автобустардың шамадан тыс толып кетуіне тап болатын түскі уақытта олардың санын көбейту жоспарланып отырған-отырмағаны туралы сұраққа жауап бермеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы 28 қыркүйекте Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгеретіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: