Алматыдағы ең көне көшелердің бірі 12 қазаннан бастап түнде жабылады: мерзімі мен сызбасы

Укладка асфальта, асфальтирование дорог, ремонт дорог, ремонт дороги, рабочие, асфальтоукладчики, машины для укладки асфальта, техника для дорожных работ, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 16:56 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 12 қазанда, Алматы тұрғындары мен қонақтарына қаладағы ең көне көшелердің бірі — Пушкин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Almaty_Joly Telegram-арнасында жарияланды.

"Пушкин көшесінде жол жабынына орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 12–18 қазан аралығында күн сайын сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін көшенің Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігі уақытша жабылады", – делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.

Ал күндіз аталған учаскеде көлік қозғалысы ашық болады.

Бүгін, 2026 жылғы 12 қазанда, Алматы тұрғындары мен қонақтарына қаладағы ең көне көшелердің бірі — Пушкин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 16:56

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және балама бағыттарды алдын ала жоспарлау сұралды.

Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына және жөндеудің технологиялық үдерісіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін Алматы әкімдігі Саин көшесінде SkyTrain жазуы бар қоршаулардың пайда болу себебін түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: