Тоқаев Бельгия королі мен патшайымымен бірге Alem.ai орталығын аралады

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 19:19 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильдаға музей экспозициясы, роботты техника аймағы және ЖИ-кинотеатр мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрметті қонақтарға Alem.ai орталығын дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы, TUMO Astana білім беру бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасының жұмысы туралы мәлімет берілді.

Зертханада NeuroLearn (ЖИ, нейроғылым мен бейімдеп оқыту салаларындағы зерттеулер) және ParkScreen (Паркинсон ауруын алдын ала анықтайтын ЖИ скрининг әдістері) секілді бастамалар қолға алынған.

Іс-шара барысында Гент университетінің атынан Қазақстанның талантты оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды.

Телескопта Нобель сыйлығының физика саласы бойынша лауреаттары Франсуа Энглердің, Герард ’т Хоофттың және Мишель Майордың, сондай-ақ бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбасы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: