300 мың долларлық есірткі тәркіленді: Қазақстан, Ресей және Өзбекстан бірлескен операция өткізді

300 мың долларлық есірткі тәркіленді: Қазақстан, Ресей және Өзбекстан бірлескен операция өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2026 10:11 Сурет: ҰҚК
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей мен Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан "Солтүстік бағыт" арқылы есірткі контрабандасын тасымалдау арнасын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК мәліметінше, операция барысында Ресейдің Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.

Тінту кезінде олардан Ауғанстанда өндірілген 30 келі гашиш тәркіленді. Алдын ала бағалау бойынша, оның қара нарықтағы құны шамамен 300 мың доллар болуы мүмкін.

Осы дерек бойынша Ресейдің құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қарсы іс-шаралар жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: