ҰҚК құны 2,4 млн АҚШ долларына бағаланатын есірткі арнасын әшкереледі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және арнайы қызметтерімен әрекеттесе Шығыс Азия елдеріндегі есірткі контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірлескен әрекет нәтижесінде 10 келі астам метамфетамин тәркіленді, оның баратын елдегі нарықтық құны 2,4 млн АҚШ долларына бағаланады.
Бұл факті бойынша шетелдік серіктестер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Сурет: ҰҚК
"Есірткі саудасының халықаралық арналарын жою бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript