Белгілі суретші-аниматор Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті
Сурет: "Қазақфильм"
Қазақстандық белгілі суретші-аниматор әрі ұстаз, отандық анимация өнерінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы мен "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі көңіл айтты.
Алтынбек Өмірзақов қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі болған. Ол бүкіл ғұмырын осы жанрдың дәстүрін сақтауға және жас мамандарды тәрбиелеуге арнады.
Ұзақ жылдар бойы шебер Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде сабақ беріп, мол тәжірибесін жастарға үйретті. Оның мамандығына деген адалдығы, білімі мен өнерге деген сүйіспеншілігі ондаған жас аниматордың қалыптасуына ықпал етті.
"Алтынбек Өмірзақовтың шығармашылық жолы, ұлттық өнерге деген адалдығы мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі қазақ анимациясының тарихында өзіндік орын алады. Марқұмның жарқын бейнесі әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript