Екі бала тірідей өртеніп кеткен: Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінің иесіне үкім шықты

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2026 11:43 Фото: pixabay
Ақтөбе облысында алапат өрт салдарынан екі бала тірідей өртеніп кеткен автогаз құю бекетінің иесіне үкім шықты. Сотта кәсіпкер кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге моральдық және материалдық шығынды өтеді. Сондай-ақ олардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 маусым күні кешке Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде газ баллоны жарылып, көлік өртенді. Өрт сөндірілгеннен кейін көліктің салонынан жас әйел мен оның 10 және 6 жастағы екі қызының денесі табылды. Марқұмдардың тағы бір туысы денесінің 45%-ын күйік шалды.

Сол күні отбасы сауда жасау үшін қалаға келген. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жазғы асүйде қолданатын газ баллонын толтыруды ұйғарған. Алайда тергеу барысында сол күні бекетте небәрі бір күнге жұмысқа қабылданған 20 жастағы оператор болғаны анықталды. Кейін оның орнына 18 жастағы інісі келген.

Марқұм әйелдің күйеуі баллонды көліктің жүксалғышынан шығармай, оған шлангіні созып газ толтырғанын айтты. Оның үстіне, әдетте 30 литрлік баллонға 29 литр газ құйылатын болса, бұл жолы есептегіш 40 литрден асқанын көрсеткен. Сол кезде ер адам операторға газ құюды тоқтатуды айқайлап айтқан. Алайда оператор "тоқтату" батырмасын таба алмаған.

Жарылыс болған сәтте жәбірленушінің өзі көшеде жүрген. Ол әйелі мен балалары дәретханаға бару үшін көліктен шығып кеткен деп ойлаған. Соған қарамастан, отағасы сотталушыны кешіре алғанын айтты.

Ал автогаз құю бекетіне бір күнге жұмысқа тұрған оператор мессенджер арқылы бос жұмыс орнын тауып, 15 мың теңге табуды көздегенін жеткізді. Алайда кешке жұмыстан кетуге мәжбүр болып, орнына 18 жастағы інісін қалдырған.

Сотталушы жаза тағайындау кезінде жәбірленушілерге моральдық және материалдық шығынды толық өтегенін ескеруді сұрады. Ол тағы да кешірім сұрап, өзін кешіргендері үшін алғыс айтты. Бұған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін, заң бұзбағанын, кәмелетке толмаған ұлы мен студент қызы барын да атап өтті.

Сот оны қауіпсіздігі барынша төмен колонияда жазасын өтеу туралы шешіммен 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Автогаз құю бекетінде көліктің өртенуіне байланысты қылмыстық іс 2026 жылғы 20 маусымда қозғалды. Сол күні бекет иесі де қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: