"Әділет" партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына кандидатура ұсынды
Сурет: "Әділет" партиясы
"Әділет" партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен партиялық тізім бойынша Құрылтай депутатының бос мандаты Гүлнар Тойлыбаеваға берілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтағандықтан, мандат бос қалған еді.
Гүлнар Тойлыбаева мемлекеттік органдар мен партия құрылымдарында ұзақ жылдан бері қызмет еткен.
Бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі. Партия Саяси кеңесі Бюросының тиісті қаулысы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды.
Еске салайық, бұған дейін Құрылтайдың экс-депутаты Татьяна Савельева Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript