Иесінің бұйрығын орындайтын қой желі жұлдызына айналды

Баран, бараны, овца, овцы, скотоводство, животноводство , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 12:47 Фото: unsplash
Көкшетауда Саргүл есімді ерекше қой әлеуметтік желі жұлдызына айналды. Ол иесінің айтқанын тыңдап, тіпті түрлі бұйрықты орындайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерекше жануар түсірілген видео 2026 жылғы 21 қазанда Instagram желісіндегі kokshetaulive парақшасында жарияланды. Белгілі болғандай, осыдан үш жыл бұрын 68 жастағы Темірболат Жүсіпов Саргүлді бөтелкемен сиыр сүтін беріп, өзі асырап өсірген.

Содан бері қой, әсіресе тамақтандыратын кезде, қуана секіретін болған.

"Алайда жануар тек өз иесінің берген бұйрығын ғана орындайды", – делінген видео сипаттамасында.

Қазақстандықтар Саргүлдің оқиғасына қызығушылық танытып, оны соғымға жібермеуді сұраған.

Желі қолданушыларының пікірлері:

  • "Енді оны қалай жеуге болады..."
  • "Циркке апару керек! Саргүл – биіктікке секіру аренасының жұлдызы!"
  • "Неткен сүйкімді!"

Ал Темірболат Жүсіповтің отбасы Саргүлдің әлдеқашан өздеріне бауыр басып кеткенін және онымен қоштасуға дайын емес екенін айтқан.

Ал бұл уақытта Қазнетте жаңа әзіл тренді таралып жатыр. Өскемендік тревел-блогер Сымбат Рамазанов қазақстандықтарға арнап әзіл видео түсіріп, алғашқы қар жауған кезде Instagram-ға оны қалай дұрыс түсіру керектігін көрсеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: