"Өнімді кездесу үшін алғыс айтамын": Тоқаев NVIDIA басшысының Қазақстанға берген ұсыныстарын бағалады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2026 20:04 Фото: akorda.kz
2026 жылғы 23 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі президенті Дженсен Хуангты қабылдады. Келесі күні, 24 қазанда, мемлекет басшысы америкалық кәсіпкерге үн қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті үндеуін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Өнімді кездесу және Қазақстан экономикасында, атап айтқанда, ауыл шаруашылығында жасанды интеллектіні дамыту мен оны іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылағаны үшін Дженсен Хуангқа алғыс айтамын. Оның идеялары мен ұсыныстары біз үшін үлкен практикалық маңызға ие", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

2026 жылғы 23 қазанда NVIDIA басшысы премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен өткен еркін форматтағы әңгіме барысында Қазақстанның жасанды интеллект экономикасын дамыту үшін энергетикалық ресурстарын қалай пайдалана алатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: