Қазақстанда жарты миллионнан астам адам такси қызметін көрсетеді
Фото: unsplash
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қазақстандықтар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим жеңілдетілген салық салудың жаңа жүйесіндегі жеке бағытқа айналғанын атап өтті.
"2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бұл режимді 981,2 мың жеке тұлға қолданған. Оның ішінде 866,9 мың адам немесе 88%-ы интернет-платформалар арқылы жұмыс істейді, ал 114,2 мың адам немесе 12%-ы өз бетінше еңбек етеді. Бұл ретте 807,3 мың адам осы режимге жаңадан қосылған", – делінген вице-премьердің жауабында.
Такси қызметін 519 683 адам немесе қатысушылардың 53%-ы көрсетеді. Курьерлік қызметпен 292 509 адам немесе 30%-ы айналысады. Бұл екі бағыттағы қызметкерлердің үлесі режимге қатысушылардың жалпы санының 83%-ын құрайды.
"Интернет-платформалар арқылы қызмет көрсететін 866,9 мың адамның атынан 16,1 млрд теңге әлеуметтік төлем аударылды", – деп толықтырды Серік Жұманғарин.
Оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары – 4,4 млрд теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – 3,8 млрд теңге, әлеуметтік аударымдар – 3,9 млрд теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар – 4,1 млрд теңге.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript