Алматыда көлігінен суық қару мен темірлер табылған төрт адам ұсталды

Полицейский пистолет, пистолет полицейского, полиция, полицейский, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 13:42 Фото: Zakon.kz
Алматының Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылында төбелес болғаны туралы хабардан кейін оқиға орнына бірден үш патрульдік экипаж жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің 2026 жылғы 27 қазанда мәліметінше, жанжалға қатысы бар деген күдікке ілінген адамдар оқиға орнынан көлікпен кетуге тырысқан. Алайда олардың көлігі Ангарская көшесінде тоқтатылды.

Көлік салонында төрт ер адам және суық қаруға ұқсас заттар болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Табылған заттардың барлығы заңда белгіленген тәртіппен тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Видеодан көліктегі ер адамдардың мачете пышағы, темір таяқтар мен арматура алып жүргенін көруге болады.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың мән-жайы, оның себептері және ұсталғандардың әрқайсысының рөлі анықталуға тиіс", – деп мәлімдеді полиция.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық орындарда қару алып жүру оқиғаларының жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

  • "Адамдар пышақ алып жүретін болған ғой. Сәл нәрсе болса, бірден пышаққа жармасады…"
  • "Бұл енді пышақ та емес. Сұмдық!"
  • "Қалада әрбір екінші көлік осылай жүретін сияқты. Ешқандай тәртіп жоқ".
  • "Самурайлар табылыпты…"

Сондай-ақ 27 қазанда Алматыдағы Құлжа тасжолында қарапайым жанжал қару ұстаған жүргізушінің ұсталуына ұласты. Жанжал кезінде ер адам қарсыласына тапаншаға ұқсас зат көрсеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: