Атыраудағы жарылыс кезінде зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 18:45 Фото: akorda.kz
2026 жылғы 29 қазанда Атыраудағы қазандық жарылысынан зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Қазір медицина қызметкерлері оған қажетті медициналық көмектің бәрін көрсетіп жатыр.

Атыраудағы қазандық жарылысының салдарын жоюға кететін шығынды ғимарат иесі өз мойнына алды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қалалық әкімдік хабарлады.

Мамандар сынған және зақымданған терезелерді өлшеп жатыр. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, терезелерді қалпына келтіру жұмыстарымен екі мердігер ұйым айналысады.

Оқиға салдарын жоюға қатысты барлық мәселе мен зардап шеккен адамның жағдайы қала әкімінің жеке бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: