Саясаткердің қызы құрбысымен бірге анасын және 11 жастағы інісін балғамен және пышақпен өлтірген

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 09:38 Фото: unsplash
Осыдан тура бір жыл бұрын Якутскіде сұмдық қылмыс болды. 16 жастағы мектеп оқушысы құрбысымен бірге анасын және інісін қатыгездікпен өлтірген. Жасөспірімдер бұл қылмысты бірнеше ай бойы жоспарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Starhit басылымының жазуынша, ресейлік журналист Елена Погребижская Михаиловтар отбасында болған қайғылы оқиғаны баяндаған. Саясаткердің қызы анасын және 11 жастағы інісін қатыгездікпен өлтірген.

Сырт көзге отбасы бақытты әрі жағдайы жақсы болып көрінген. Савва Якутияға танымал саясаткер болса, Валерия педагог болып жұмыс істеген.

Ерлі-зайыптының екі баласы – қызы мен ұлы болған. 2022 жылы Савва өңешінің ауыр дертінен қайтыс болған. Әкелері көз жұмғаннан кейін отбасының өмірі күрт өзгерген.

Үйде тамақ та дайындалмай, отбасы мүшелері көбіне құрғақ тамақпен күнелткен. Отағасының өлімінен кейін анасы депрессияға түскен.

Валерия күйеуінің қазасынан кейін ұзақ уақыт есін жия алмаған. Қызы да әкесінен айырылғанын ауыр қабылдаған. Қыз тұйықталып, бірде мектеп психологына өзіне қол жұмсағысы келетінін айтқан.

Қызының жағдайын білген Валерия оны психиатрдың көмегіне жүгінуге жіберген. Біраз уақыттан кейін қыздың жағдайы жақсарғандай көрінген. Жасөспірімнің тіпті өзімен жасты құрбысы пайда болған.

Құрбысы ауқатты отбасынан шыққан, сабағын жақсы оқыған әрі мектеп олимпиадаларына қатысқан. Алайда қыздарды жақындастырған бұл емес, екеуінің де ауыр ойларға берілуі болған. Кейін анықталғандай, құрбысы да бұған дейін өзіне қол жұмсамақ болған.

Тоғызыншы сыныптан кейін Валерияның 16 жастағы қызы заң колледжіне оқуға түскен. Михаилова да біртіндеп қалыпты өмірге орала бастаған. Алайда 3 қазанда жасөспірімдер қорқынышты қадамға барған.

Алғашқы тергеу кезінде берілген жауаптарға сәйкес, Валерия үйіне оралғанда қызының құрбысы оған артынан шабуыл жасаған. Осы кезде мектептен Сева (ұлы) келген. Ол домофон арқылы қоңырау шалғандықтан, қыздар баланың үйге көтеріліп келе жатқанын білген. Сева есікті кілтпен аша бастағанда, екінші қыз оны ұстап алған.

Бойы өте аласа болғанына қарамастан, қыз денелі Севаны күртесінен ұстап, күшпен үйге кіргізген. Бала қашып кетпеуі үшін есікті ішінен кілттеп қойған.

Әпкесінің айтуынша, Сева: "Мұнда не болып жатыр?" деп сұраған. Ол анасының өлім аузында жатқанын көрген. Сол сәтте екінші қыз оған артынан балғамен шабуыл жасаған.

Валерияның қызы інісіне балғамен он шақты рет соққы жасағанын мойындаған.

Жалпы, жасөспірімдер балаға шамамен 40 жарақат, ал анасына 17 жарақат салған. Қыздың айтуынша, олар інісін өлтіруді бастапқыда жоспарламаған. Алайда бала болған оқиғаның куәгері болып қалған.

Қазір айыпталушы бұрынғы жауабынан бас тартып отыр. Іске жеке адвокат араласқаннан кейін ол құрбысының қылмысқа қатысы барын жоққа шығара бастаған. Қыз болған оқиғаға қатысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: