Каспийде заңсыз әрекеттерге қарсы рейд жүргізіліп, 126 адам ұсталды

Каспийдегі рейд кезінде 44 шағын кеме ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 11:27 Сурет: ҰҚК Шекара қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Каспий теңізіндегі заңсыз әрекеттердің жолын кесу бойынша арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.

"Сонымен қатар 11,5 келі есірткі және 88 шақырым браконьерлік құрал-сайман тәркіленді. Балық аулау торларынан табылған 2337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді". ҰҚК Шекара қызметі

Құқық бұзушыларға 4,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Ал мемлекетке келуі мүмкін 840 млн теңгеден астам залалдың алдын алды.

ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: