Қара нарықтағы құны 180 млн теңге: ҰҚК Қытайға заңсыз әкетілмек болған киік мүйіздерін тәркіледі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 13:04 Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 20 қазанда шекарашылар "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында Қытайға 620 киік мүйізін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кескен.

Тәркіленген мүйіздердің қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін.

Осы дерек бойынша жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеулігіне қарай құзыретті органға беріледі.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Киік мүйізі негізінен дәстүрлі қытай және тибет медицинасында қолданылады. Онда ол алтынмен пара-пар бағаланып, қасиеттері жағынан мүйізтұмсық мүйізіне теңестіріледі.

Бұған дейін, 19 қазанда ҰҚК Қазақстанда жасырын әрекет еткен топты әшкерелегені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: