Ақмола облысында жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңге жымқырылған

Ремонт тепловых сетей, ремонт теплосетей, ремонт системы водоснабжения, теплосеть, ремонтные работы, трубы для теплосетей, прокладка тепловых сетей, прокладка тепловых сетей, прокладка труб, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 16:33 Фото: Zakon.kz
Ақмола облысы Бұланды ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы ТКШ бөлімі мен мердігер ұйым арасында Никольское ауылындағы ұзындығы 5,4 шақырым болатын ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге 167,8 млн теңгеге келісімшарт жасалған.

Келісімшарттың мерзімі 2024 жылғы желтоқсанда аяқталған. Осы уақытқа дейін бюджет қаражатының 103 млн теңгесі игерілген.

Тексеру барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың көлемі 78 млн теңгені құрайтыны анықталды. Бұл қаражат жол жөндеуге қатысы жоқ мақсаттарға жұмсалған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Ақмола облысының арнайы прокурорларының өндірісіне берілді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін, 2026 жылғы 2 қарашада М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол жабынының беріктігі мен төзімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа технология әзірлегені туралы хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: