Қазақстанда 870 мың адам баспана кезегінде тұр: министр жағдайды түсіндірді
Фото: Zakon.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 4 қарашада Үкіметтегі брифингте Қазақстанда баспанаға мұқтаж азаматтардың санын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр "Отбасы банкінің" ресми деректерін келтірді.
"Қазір банктің ресми кезегінде 870 мың адам тұр. Банк тізімдерді тұрақты түрде тексеріп отырады. Алайда 870 мың адамды бірден баспанамен қамтамасыз ететіндей көлемде үй салып жатқан жоқпыз", – деді Ерсайын Нағаспаев.
Министрдің айтуынша, 2026 жылы Қазақстанда 24 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үйдің құны бақылауда болады.
"Бұл – Қазақстан бойынша орташа есеппен алынған сметалық құнның ірілендірілген көрсеткіштері. Орташа мәнді алып отырмын, өйткені әр облыста бұл көрсеткіш аздап ерекшеленеді. Бір шаршы метрдің құны – 335 мың теңге. Біз мұны бақылауда ұстаймыз және бағаның негізсіз өсуіне жол бермейміз", – деп түйіндеді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы құрылысы аяқталмаған проблемалық үйлерді пайдалануға беру мерзімдері жарияланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript