"Үсік жүріп, көктайғақ болады". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 5 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 5 қарашада кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан батысқа ойыса жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 5 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 5 қарашада солтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 5 қарашада күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, ал түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түнде облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с құрайды. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 5 қарашада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 5 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 5 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда 5 қарашада тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 5 қарашада кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 5 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 5 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 5 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 5 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 5 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге (5-7 қараша) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.