Алматы-Қорғас және тағы екі тасжолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
2026 жылғы 9 қарашадан бастап Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бұрылбайтал және Қызылорда – Арал республикалық маңызы бар автожолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі үш республикалық автожолдың алты учаскесінде жұмыс істей бастайды.
1. Алматы – Қорғас (жаңартылған учаске)
- Ұйғыр – Панфилов учаскесі – 50+832 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 120 км/сағ.
2. Қарағанды – Бұрылбайтал
- Шұбар-Түбек-Гүлшат учаскесі – 42+158 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
- Гүлшат-Тасарал учаскесі – 42+550 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
3. Қызылорда – Арал
- Ақжарма-Ақжар учаскесі – 48+239 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
- Ақжар-103-разъезд учаскесі – 122+421 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
- 103-разъезд-Әйтеке би учаскесі – 95+871 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 100 км/сағ.
Қазақстандық жүргізушілерге жүйенің басты ерекшелігі тағы да түсіндірілді: жылдамдық камера орнатылған бір нүктеде ғана емес, бақылау учаскесінің бүкіл бойында есепке алынады.
"Арнайы кешендер көлік құралының бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Жүріп өткен қашықтық пен оған жұмсалған уақыт негізінде қозғалыстың орташа жылдамдығы автоматты түрде есептеледі. Белгіленген жылдамдық режимі асқан жағдайда құқық бұзушылық туралы ақпарат уәкілетті органдарға жіберіледі", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ.
Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында бұл жүйе 2025 жылғы 17 наурыздан бастап қолданылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript