Тоқаев Мирзиеевті елорда әуежайынан шығарып салды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевті елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мирзиеев елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген.
Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы көтерген терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама.
Аталған алаңда қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінікті қалыптастыру және нақты әрекет ету шараларын үйлестіру мақсатында мемлекеттер басшылары, арнайы қызметтердің, әскери ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың жетекшілері бас қосады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


