Астана маңындағы қала тұрғындарына терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ескерту жасады

терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб ескерту жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 14:45 Сурет: gov.kz
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі күні Қосшы қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты Ақмола облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ күштер мен құралдардың террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға дайындығын арттыру.

"Іс-шара аясында шынайы жағдайға барынша жақын түрлі ахуалдық сценарийлер пысықталады", – деп хабарлады Ақмола облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 9 қарашада.

Оқу-жаттығу кезінде уақытша шектеулер енгізіліп, оның ішінде кейбір учаскелерде көлік қозғалысы ішінара тоқтатылатыны атап өтілді.

"Тұрғындар мен қала қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", – делінген Ақмола облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.

Ақмола облысының тағы төрт ауданында да терроризмге қарсы осындай оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған:

  • 9 қарашада – Ерейментау ауданының Ерейментау қаласында;
  • 10 қарашада – Аршалы ауданының Аршалы кентінде;
  • 11 қарашада – Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында;
  • 13 қарашада – Целиноград ауданының Ақмол ауылында.

Айта кетейік, 2026 жылғы 21 қазанда Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқу-жаттығу өткізген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: