Шашынан сүйреген: Ақтөбеде бірге тұратын әйелін азаптаған таксист жазадан құтылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, уголовный кодекс РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 19:51 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде таксист бірге тұратын әйелін аяусыз ұрып-соққан. Әйел одан қашып құтылмақ болғанда, ер адам шашынан сүйреп, кейін буындырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, 26 жастағы таксист бірге тұратын әйелін азаптағаны үшін сот алдында жауап берген. Сотта ол әйелмен екі жылдан бері некесіз бірге тұратынын айтқан. Осы уақыт ішінде ер адам бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанымен, әйел оны үнемі кешіріп келген.


"Ол тергеу изоляторында қамауда болған кезде түзелу жолына нық түскенін айтып, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Жәбірленуші де олардың арасында бұған дейін жанжал болғанын, арыз жазғанын, ер адамның жауапкершілікке тартылғанын растады. Алайда кейін татуласқан, өйткені олар шынымен жақын қарым-қатынаста болған. Бұл жолы да әйел оны кешіріп, соттан бас бостандығынан айырмауды өтінді", – деп жазады басылым.

Алайда сот ер адамның әрекетін азаптау деп танымады. Осыған байланысты айыпты "ұрып-соғу" қылмыстық теріс қылығына қайта саралап, таксисті 12 тәулікке қамауға үкім шығарды.

Үкім жарияланғаннан кейін ер адам бірден босатылды. Себебі ол тергеу изоляторында бес айға жуық уақыт өткізгендіктен, жазасын толық өтеген болып есептелді.

Сот ер адамға бір ай бойы әйелден бөлек тұруды және осы уақыт ішінде оны қудаламауды міндеттеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: