Павлодарда 80 жастағы әйел Ертіс жағасындағы жардан құлап кетті
Сурет: pixabay
Павлодарда серуендеп жүрген зейнеткер Ертіс жағасындағы бес метрлік жардан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Павлодар-онлайн" мәліметінше, 8 қарашада "112" пультіне Павлодарда қарт әйелдің Ертіс жағасында серуендеп жүріп, абайсызда төмен құлап кеткені туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері шұғыл жетті. Зардап шеккен әйелдің орналасқан жері анықталып, құтқару жұмыстары басталды. Арнайы жабдықтар мен зембілдің көмегімен әйелді шамамен бес метр биіктіктен көтеріп алдық", – деп хабарлады құтқарушылар.
Құтқарушылар зардап шеккен әйелді жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
Денсаулық сақтау басқармасы науқастың Павлодар қалалық №1 аурухананың политравма бөлімінде ем қабылдап жатқанын нақтылады. Оның миы шайқалған, денесі көгерген, жамбас және ортан жілік сүйектері жабық сынған. Дәрігерлер әйелдің жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript