Садыр Жапаров Қырғызстанның ОСК-сына өтініш берді
Сурет: shailoo.gov.kg
Бұл туралы Қырғызстан ОСК-сының ресми сайтында жарияланған ақпаратта айтылған.
"Садыр Нұрғожаұлы Жапаров Қырғыз Республикасының президенті лауазымына кандидат ретінде өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркеу туралы өтінішпен Қырғыз Республикасының Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясына жүгінді", – делінген хабарламада.
10 қарашадағы жағдай бойынша Қырғызстанның ОСК-сына президенттікке кандидат ретінде ұсынылу туралы алты өтініш түскен.
"Қырғыз Республикасы президентінің сайлауында кандидаттарды ұсыну мерзімі – 2026 жылғы 13 қарашаға дейін", – деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.
Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаров бұл қызметті 2021 жылғы 28 қаңтардан бері атқарып келеді. Сол жылдың 10 қаңтарында өткен кезектен тыс президент сайлауында ол 79,2% дауыс жинаған.
"Ол сайланған кезде қолданыста болған Конституция бойынша президенттің өкілеттік мерзімі алты жылды құрады. 2021 жылы қабылданған жаңа Конституция президенттік мерзімді бес жыл деп белгілеп, бір адамның бұл қызметті қатарынан екі мерзімнен артық атқаруына шектеу қойды. Конституциялық сот Садыр Жапаровтың алты жылдық өкілеттік мерзімін бірінші мерзім деп есептеу туралы шешім шығарды. Осылайша, алдағы сайлауда ол екінші, бес жылдық мерзімге үміткер болмақ", – деп жазды 10 қарашада 24.kg басылымы.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Қырғызстанда президент сайлауының өтетін күні жарияланды. Оны Жогорку Кенеш депутаттары бекітті.
Депутаттар қабылдаған қаулы жобасына сәйкес, Қырғызстан президентінің кезекті сайлауы қазіргі президенттің өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде өтеді. Осыған сәйкес, сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленді.