"Ұрып-соғып, қорлаған": алматылық әйел ерекше баласына балабақшада қысым көрсетілгенін айтты

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 22:55 Фото: pexels
Алматыда жекеменшік түзету балабақшасына қатысты дау шықты. Ерекше баланың анасы мекеме қызметкерлері ұлына қатыгездік танытқанын мәлімдеді. Бұған ата-аналарға кездейсоқ жіберілген бейнежазба дәлел болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауға мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің әдеттегідей жабық чаттан баланың анасына видео жіберуі себеп болған. Жазбада тәрбиешінің тәрбиеленушімен дөрекі сөйлесіп, оған дауыс көтергені көрінеді.

Threads әлеуметтік желісіндегі ovcharova.ga парақшасының авторы мекеме қызметкерлері бұл үзіндіні байқамай жіберіп алған болуы мүмкін екенін, яғни видеоны қиып тастауды ұмытқанын жазды.

Смотреть в Threads

Әйел ұлының ерекше бала екенін, сөйлемейтіндіктен үйіне келіп, өзіне жасалған әрекеттер туралы айтып бере алмайтынын атап өтті.

"Біз баламызды сеніп тапсырған жер, бейнежазбаға қарағанда, оны ренжітіп, ұрып-соғып, балағаттап, қорлаған орынға айналды. Ол үйіне келіп, анасына өзіне не істегенін айтып бере алмайды. Көмек сұрап, өзін қорғайтынын сөзбен жеткізе алмайды. Балаларымызды мамандарға дәл осы себепті сеніп тапсырамыз. Бірақ баланың қауіпсіздігіне жауапты ересек адамның өзі оған зиян келтірсе, оны кім қорғайды?" – деп жазды ашынған ана.

Оның айтуынша, оқиға Торайғыров көшесінде орналасқан жекеменшік балабақшалар желісінің бір филиалында болған. Жәбірленуші тарап істің жан-жақты әрі ресми тергелуін және кінәлілердің әділ жазалануын талап етпек.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бейнематериалдарды зерделеп, оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ маман мен түзету орталығы басшылығының әрекеттерін анықтап жатыр", – деп хабарлады полиция 2026 жылғы 10 қарашада Zakon.kz редакциясына.

Ведомство тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін де мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: