Жастарды WhatsApp арқылы алаяқтық схемаларға тарту деректері көбейген

Социальные сети, ватсап, WhatsApp, социальная сеть, приложение, приложения, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 17:44 Фото: unsplash
Қазақстанда алаяқтар жасөспірімдер мен жастарға оңай ақша табуды ұсынып, оларды заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін әрекеттерге итермелейді. Ішкі істер министрлігі мұндай схеманың қалай жұмыс істейтінін және оның қандай қауіп төндіретінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар жастарға SIM-карта сатып алып, оны өз атына рәсімдеуді және WhatsApp мессенджерінде аккаунт ашуды ұсынады. Одан кейін тапсырыс берушілерге растау кодтары мен мессенджерге кіру деректерін беру қажет. Осы әрекеттері үшін ақша уәде етеді.

Кейін мұндай нөмірлер мен аккаунттар азаматтарды алдау, ақшасын жымқыру, зиянды сілтемелер тарату және жалған профильдер ашу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бұл ретте SIM-карта иелерінің өздері де заң алдында жауапқа тартылуы ықтимал. Өйткені олардың жеке деректері алаяқтық схемаларда қолданылуы мүмкін.

ІІМ қазақстандықтарды бейтаныс адамдарға өз атына нөмір рәсімдемеуге, растау кодтары мен мессенджерлерге кіру мүмкіндігін ешкімге бермеуге шақырды. Сондай-ақ ата-аналарға жасөспірімдерге мұндай жолмен ақша табудың соңы қандай жағдайға әкелуі мүмкін екенін түсіндіруге кеңес берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: