Ақтөбеде ер адамды атып өлтірді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбеде Нұрлы Таң көшесінен ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында таңертең ерте атыс дауысы естілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Куәгерлердің сөзінше, қайғылы оқиға таңертең болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған.
16 қарашада Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына оқиғаға қатысты ресми түсінік берді.
"Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript