Жаңбыр, қар, көктайғақ: 17 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: Zakon.kz
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз 30 м/с және одан да жоғары болады. Облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді. Солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с болады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Атырауда түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын болып, көктайғақ сақталады. Батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Ақтөбеде кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ұлытау облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-18 м/с болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман болады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Шымкентте түнде және таңертең тұман болады.
Қызылорда облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Оңтүстік-батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, шығысында және орталығында тұман. Павлодарда тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.