Ғимараттардың жағдайына кім жауапты: заңнамаға өзгеріс енгізу жоспарланбаған

Ветхий дом, ветхие дома, старый дом, старые дома, аварийный дом, аварийные дома, старинный дом, старинные дома, старое здание, старые здания , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2026 13:03 Фото: Zakon.kz
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков үкіметте өткен брифингте ғимараттардың жағдайына жауапкершілік мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қазіргі тәртіп бойынша ғимараттардың жағдайына мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) және пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) төрағалары жауап береді.

"Қазір бұл мәселеге қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланып отырған жоқ", – деді Жүнісбеков.

Оның айтуынша, МИБ төрағаларының өкілеттіктері мен міндеттері нақты белгіленген.

"Ғимараттарды техникалық тексеруден өткізетін, осы жұмысты ұйымдастыратын инженер-сарапшылардың да өкілеттіктері айқындалған. Нормативтік-техникалық құжаттарда ғимараттарды тексеру мерзімдері белгіленіп, тиісті ұсынымдар берілген", – деп қосты ол.

Қазақстанда ғимараттарды күрделі жөндеуге кім ақы төлеуге тиіс екені туралы материалдан оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: