Қазақстанда 11 мемлекеттің жетекші университеттері өз филиалдарын ашты

Городская юношеская библиотека имени Жамбыла, студенты, абитуриенты, выпускники, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2026 13:30 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 11 мемлекеттің жетекші жоғары оқу орындары филиалдарын ашты. Қазір бұл білім ордаларында 12 мыңнан астам студент оқып, 1,5 мыңға жуық оқытушы жұмыс істейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ықпалдастықты дамыту және ғылыми байланысты тереңдету – заман талабы. Қазір Қазақстанда осы бағыттағы халықаралық стратегиялық серіктестік туралы 40 келісім жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарында 600-ден астам шетелдік профессор сабақ беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан осы аймақта Еуропадағы Лиссабон және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Токио конвенцияларына алғаш болып қосылған ел атанды. Президенттің айтуынша, бұл бастамаға қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, бұрынғы Білім және ғылым министрі, елші Жансейіт Түймебаев үлес қосқан.

Осының нәтижесінде Қазақстан университеттерінің дипломдары Батыс және Шығыс елдерінде мойындалатын болды.

Бұдан бөлек, елімізде білім алуға ниетті шетелдік жастардың саны да артып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Қазақстанда шетелден келген 31 мың студент білім алғанын, ал қазір олардың саны 41 мыңға жеткенін айтты.

Оның ішінде 8 мыңнан астам студент Қазақстанның қаржылай қолдауымен оқып жатыр. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш.

"Қазақстанда білім ал!" ұлттық бастамасы осы міндетті жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады деп сенемін", – деді Президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы 2029 жылға қарай Қазақстанда білім алатын шетелдік студенттер санын 100 мыңға жеткізу жоспарда бар екенін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: